Category Blog

Баланы невроз бен түнгі қорқыныштардан сақтау үшін ата-аналарға заманауи мультфильмдер туралы не айтып беруге болады

 

Тәрбиелеу  – шығармашылық және жан-жақты күрделі процесс. Кез келген ата-ана жан-жақты дамыған тұлғаны өсіріп, баласына өмірлік тәжірибесі мен білімін беруге, онымен ортақ тіл табысуға тырысады.

Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың ішкі әлемі енді қалыптасып келеді және олардың қалыптасуында оларды қоршаған ересектерден алатын: ойындар, ертегілер, ортақ тапсырмалар, соның ішінде теледидар бағдарламалары маңызды рөл ойнайды. Біздің балаларымыз көретін нәрселердің бәрі: ата-аналарды, педагогтарды, тіпті дәрігерлерді барлығын толғандырады. «Телеықпал» баланың жаны мен ойын, оның әлемге талғамы мен көзқарасын қалыптастырады.

Балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы мультфильмдер туралы

Мектеп жасына дейінгі және кіші сыныптардағы балалар үшін тәрбие берудің негізгі құралы көп жағдайларда мультфильмдер болып табылады. Олар тек уақыт өткізу құралы емес, сонымен қатар тәрбиелеу құралы ретінде де әрекет етеді.

Алайда барлық мульфильмдер пайдалы емес және бала үшін маңызды қобалжытулар мен кейіпкерлер бар. Көптеген заманауи мульфильмдер баланың дамуына кері әсер етуі, оған қандай да бір үрей, агресссияға бейімділік тудыруы мүмкін. Сондықтан оларды балалардың бақылауынсыз көруіне жібермеу өте маңызды.

Мысалы, кеңес кезіндегі мультфильмдер алдын ала қатаң бақылаудан өтіп, әрбір кадры оның балаға ықпал ету көзқарасынан алынып, тексерілгеннен кейін ғана таратылатын болған. Эстетикалық қабылдау, өнегелік тазалық, оқыту және дамыту жоспарындағы құндылық бағаланады. Сол кезеңдегі мультфильмдер өзінің сан алуандығымен және жоғарғы көркем деңгейімен ерекшеленеді, олар балаларға да, ересектерге де бірдей ұнайды.

Мысалы, Карлсон, қолтырауын Гена мен Чебурашка, Алпауыт-Степа ағай, Фёдор ағай және Простоквашино кейіпкерлері туралы мультфильмдер балалардың психикасы үшін жайлы болған және солай қалай береді, оларды жақсылық жасауға және керемет нәрселерге үйретеді.

Алайда көп ата-аналар қазіргі таңда бұл мультфильмдерді тым қарапайым және ескі дейді. Ал көптеген заманауи мультипликациялық фильмдер балаларда агрессияға бейімділікті, тәуекелділікті, өзге мінез-құлықтағы мәселелерді: түнгі шошынуларды, кекештенуді, қорқынышты және т. с. с. қалыптастырады. Инфантильдік, импульсивтік, бытыраңқылық қалыптасуы мүмкін. Заманауи мультипликациялық кейіпкерлерге назар аударыңыз. Бұл әсіресе шетелдік мультфильмдерге қатысты. Үйлесімсіз, ашық, әдейі «бұрмаланған» кейіпкерлер, қалжыңдары кейде тіпті балаларға сай емес. Оны бала көріп жатқанын және бұл сәтте оның дамымалы психикасымен не болып жатқаны ешкімнің ойына кіріп-шықпайды. Көп жағдайларда олар ашық, қатты, сәнді жандандыруды таңдайды. Мейірімді сюжет пен дұрыс нәрсеге аз көңіл бөлінеді.

Теледидар қазір – дамымалы қоғамның ажырамас бөлігі. Балаға түрлі көздерден алынатын ақпаратты тұтыну қажет. Ата-ана ең алдымен бала қарап көретін өнімді зерделеуі тиіс. Психологтар бала мультфильмдерді тек ересектермен ғана көруі тиіс, себебі ересек адамның дұрыс түсініктемесі баланың көңілін мультипликациялық фильмнің негізгі идеясына бөледі дейді.

Қазіргі кезде балалар көбінесе балаға кері әсер ету мүмкіндігі ескерілмей, тез әрі арзан жасалған заманауи мультфильмдерді көргенді жақсы көреді. Сондықтан көп бала жауыздықты қалыпты жағдай, күш-жігер сияқты қарап, қандай да бір даралықтан айырылған көріксіз зат болып табылатын көптеген мультфильмдердің кейіпкерлерін көреді.

Мамандар кейбір мультфильмдердің баланың сөйлеуіне және оның қимылына әсер ететініне сенімді, балада оның ықпалымен құндылықтар жүйесі мен әлем туралы дұрыс емес түсінік қалыптасып, олар сәйкесінше ойындарды ойлап табады.

Ұсқынсыз мультфильмдер жайында

Қазір бала психикасына «ұсқынсыз мультфильмдердің» ықпал ету проблемасы бүкіл әлемнің мамандарын толғандыра бастады. Психологтар ата-аналарға өз балаларына мультфильмдерді жіте іріктеп алып, оларды баланың реакциясын бақылап отырып, кейбір сәттерді түсіндіріп, бірге көруге кеңес береді.

Мысалы, американдық мультфильмдер тек сырт көзге түк те зиянсыз көрінгенімен, ондағы әлем, айналасы үмітсіз зұлымдықта жатыр. Тек әлдеқандай бір ниндзя-тасбақалар түріндегі мейірімділік түйірі ғана жауыздықпен күреседі. Мұндай жауыздық әдетте физикалық жолмен жойылады, бұл біздің ертегілердегі жауыздықпен басқаша тәсілдермен: оны алдап немесе көндіріп жеңетін әрекеттердің түріне тіпті үйреншіксіз нәрсе.

Балалар басы жақсы басталатын Уолт Дисней киностудиясының «Белоснежка», «Бэмби», «Красавица и чудовище», «Король Лев» сияқты керемет анимациялық фильмдерінің орнына механикалық монстрлар, вампирлер, елестер, қолынан бәрі келетін роботтар туралы тым сапасыз туындыны жиі көреді. Осы мультфильмдердің дерлік барлығының сюжеттерінде ұрыс, төбелес, жарыс, атыс, өлтіру, яғни агрессиялық мінез-құлық пен зорлық-зомбылықтың элементтері бар.

Балалар осындай мультфильмдердің тұтқыны болып, тек теледидар алдында отыру үшін – ойыннан да, сөйлесуден де бас тартады. Ал бір көргеннен зияны жоқ, оның үстіне өте ашық және қызықты мультфильм баланың ойында жақсы сақталады.

Бірақ бірде бір, тіпті ең өнеге аларлық деген мультфильм балаға ересектермен тілдесуді алмастыра алмайды. Балаға аз болса да, уақыт табу керек. Балаларға ата-ананың махаббатын, олардың көңіл бөлуін және болуын сезіну керек. Егер ол болмаса, балалардың олар жақсы көретін мультфильмдердің кейіпкерлеріне еліктеп, орынсыз әзілдеуіне, ызалы күлкісіне, қалған адамдарды ұрып, шымши бастағанына таң қалудың қажеті жоқ.

Мультипликациялық тәуелділік әсіресе баланың тәрбиесімен тек анасы ғана айналысатын отбасыларына тән. Мысалы, офтальмолог-мамандардың ойынша мультфильмдерді үш жасқа толғанша күте тұру керек. Осы жаста баланың жалпы дамуы оған экранда болып жатқан нәрсені жақсы қабылдауға мүмкіндік береді, ал оның көздері осындай түсетін салмаққа азды-көпті дайын бола бастайды. Әсіресе, жас ерекшелігіндегі шектеуді проблемасы бар балалардың сақтағаны өте маңызды.


«Ересектерге арналған» сериядан алынған мультфильмдер

Қазір «ересектерге арналған» сериядан алынған мультфильмдер кеңінен белең алып келеді. Бірақ ересектерге оны көрудің керегі бар ма? Ересектер көрмесе, кім көреді?

Жалпы мұндай мультфильмдердің негізгі бөлігі мазмұны жағынан расында балаларға сай келмейді. Біздің ойымызша, мұндай мульфильмдер ересектерге қызықты болып көрінбейді. Алайда, кез келген ережеден алынатындай, мұнда да өзінің ерекшеліктері бар: бұл ересектерге арналған мультсериалдар. Мысалы, «Симпсондар».

Мұнда оқиғалардың басты назарында күнделікті бірқатар мәселелермен қақтығысып отыратын кәдімгі отбасы әрекет етеді. Бірақ ақшаның жетіспеуі, жұмыстағы келеңсіздіктер мен отбасылық кикілжіңдер кейіпкерлерге бақытты болып қала беруге еш кедергі болмайды. Оларда ең бастысы оларға күш беретін, өмір сүруге шабыт беретін – махаббат бар. Симпсондер отбасының әрбір мүшесінің еркін дамуға, өзін-өзі табуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, барлық кейіпкерлер әртүрлі. Бірақ оларды байланыстыратын, өздерінің бақытымен міндетті болатын бір ортақ нәрсе бар – ол отбасы. Мысалы, Симпсондардың ішінен көпшіліктің сүйікті кейіпкері – бұл әрине Гомер. Оны өзінде сақтап жүретін мейірімділігі, шынайылығы, аңғалдығы үшін жақсы көрмеу мүмкін емес. Гомер тіпті үлгілі әке немесе күйеу де емес, ал балалармен серуендеуді айтсаң, ол теледидар мен сыраны артық көреді. Бірақ отбасы үшін ол бәріне дайын! Гомер ешқашан алға жылжуға қорықпайды, әрқашан өз арманының соңына ілеседі, сол үшін жиі айқай-шуға тап болып қалады. Ол бай да емес, бірақ достарының арасында қашанда құрметке лайық және көшбасшы рөлінде әрекет етеді. Ол балаларына өмірде бәріне қол жеткізуге болатынын түсіндіре отырып, олардың кез келген қалауы үшін күресуге дайын. Гомер Симпсон ешнәрсеге қарамастан жақсы адам болып қала беруге және өз арманыңа сенім болуға үйретеді. Өмірдегі ең бастысы осы емес пе? Сонымен қатар, осы айтылып отырған «Симпсондар» – өте күлкілі мультфильм, әр қадам сайын керемет нәрсені кездестіруге болады, ал кейіпкерлерінің өмірі күлкілі, мысқылшыл түрде беріледі. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, бұл мультфильмді көргеннен жақсы көңіл-күй аларыңыз анық. Фильмдер, журналдар, Интернет – мұның барлығы алдыңғы стандарттардың айналуына ықпал етеді. Кішкентай балалар алынған ақпаратты сүзгілеуге қабілетті емес.

Мультфильмдерді қалай дұрыс көру керек?

Бұл сұраққа жауап экранның өлшемімен тікелей байланысты. Мамандар теледидар диагоналы қаншалықты үлкен болса, бала соншалықты одан алыс тұруы тиіс деп санайды. Орта өлшемдегі теледидардың баланың көзінен оңтайлы ара қашықтығы – 2 метр болуы тиіс. Олар мұндай ерте жаста балаға ол тіпті оны көрмесе де, экран алдында болмағаны дұрыс. Мысалы 1 жасқа дейін ешқандай теледидар көрсетпеу және жасөспірімдік жас аяқталғанша күніне 1 сағаттан артық емес. Міне, осындай режімді Американдық педиатрия академиясы ұсынады. Баланың бөлмесінде оның жасына қарамастан, теледидарға үзілді-кесілді рұқсат жоқ.

Үнемі қосулы тұратын теледидар жанында баланың ойнап та, тамақ жеп те жүруі – белең алған, бірақ пайдалы емес көрініс: балаға экранда не болып жатқанын түсіну үшін оған шетінен немесе жанын өтіп бара жатып қарауға тура келеді. Ал тамақтану мен хабар көруді қатар орындауға болмайды.

Әрине, қазіргі заманғы балаларды теледидардан толығымен оқшаулауға болмас, мұндай бала өзін цифрлық ақпаратқа толы ілгершілді әлемде өзін сенімсіз сезінетін болады.

Мультфильмдерге балама нәрселер бар ма?

Оған өмірде теледидар таратылымдарынан басқа да қызықты нәрселер бар екенін өз мысалыңмен көрсетуге болады. Қазір балаларды мультфильмдерден алыстататын пайдалы тапсырмалар өте көп: кітап оқу, серуендеу, үнемі жанды тілдесу, сурет салу, оның барысында бала өз қолдарымен шеберлік танытатын дамытпалы шығармашылық тапсырмалар, балалар ойыншықтарымен ойындар.

Ата-аналарға балалардың үйде көруі үшін мультфильмдерді таңдағанда неге бейімделу қажет? 2002 жылдан бастап 2015 жылдар аралығында «Оскар» алған мультфильмдер тізімін алуға болады. Бұл тізімді есте сақтау оңай (ол шағын) немесе өзіңе қойын дәптерге жазып алуға болады: «Шрек», «Унесенные призраками», «В поисках Немо», «Суперсемейка», «Уоллес и Громит: Проклятие кролика-оборотня», «Делай ноги», «Рататуй», «ВАЛЛ-И», «Вверх», «История игрушек: Большой побег», «Ранго», «Храбрая сердцем», «Холодное сердце», «Город героев». Қазақстандық анимация да жүлделілер қатарында бар. Мысалы, «Қазақфильм» киностудиясы Нью-Йорктеге мультфильмдер фестивалінде бірінші сыйлығын және бүкілодақтық кинофестивальде екінші рет сыйлық алған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысы бар.  Әрине, жақсы әсер беретін, кереметке, қуанышқа, сиқырға толы мультипликация да бар. Мысалы, қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген мультфильмдер. Халық фольклорымен сюжетті, байланысты қамтиды және халық оны бірнеше ұрпақтың сүйікті тарихына айналдырған.   Мысалы, «Кәрі айдаһар».  Кәрі айдаһар  – бұл қара күштер көрінісі. Ол өзінің күшімен және жауыздығымен адамдарға және жануарларға үрей келтіріп отырған, алайда уақыт өтіп, ол енді кәрі, қауқарсыз болды. Кәрі айдаһарға жас нәрестенің қаны ғана шипа болады екен, оны тауып келуге зұлымның сенімді досы – маса кетеді. Бірақ кішкентай ғана қарлығаш нәрсетенің өмірін сақтап қалу үшін қорықпай күресуге бел буады.

Балалар отандық мультфильмдерді көріп, қосымша мемлекеттік тілді үйреніп шығуға мүмкіндік алады. Дәрісті жанды және қызықты диалогпен, ана тіліміздегі есте қаларлық әндермен толықтыруға болады!

Немесе «Даналық пен байлық» мультфильмі.

Баяғы бір заманда даналық пен байлық өмір сүріпті. Бірде олар кездесіп, әрқайсысы бақыт үшін не керек екеніне пікірлерін айтыпты. Байлық айтыпты, бақытты болу үшін ақша керек десе, ал даналық – ақыл керек дейді. Байлық ақылсыз да, бақытты болуға болатынын дәлелдігісі келді ... Осы тарихты көре отырып, көрермен әрбір адамның өмірінде қандай басымдықтар маңыздырақ екенін ойлануы мүмкін. Нені артық көру керек – түрлі игіліктерді алу үшін байлық жинау керек пе немесе байлардың жетістіктеріне қызықпай, өмірлік тәжірибе мен даналыққа қол жеткізуге көңіл бөлу керек пе? «Даналық пен байлық» мультфильмінің сюжеті басты кейіпкердің мысалымен адамның дамуындағы екі түрлі бағыттың салыстырмасын көрсетеді.    Қаңбақ шал мен дәу  Кезіп жүретін қаңбақ шал оны өлтіргелі жүрген алыптарға кез болады. Бірақ шалдың тапқырлығы мен қулығы оны зұлымдардан тек қорғап қоймай, үйіне оралуға да көмектеседі.

Қазақ ертегілерінің желісі бойынша құрылған мультфильм көрермендерге ақыл мен тапқырлық адам баласына тіпті өлімге әкелер қауіптің алдында құтқарып жіберетінін, бірақ сондай-ақ айлакердің өзіне қарсы шығуы мүмкін екенін көрсетеді.

Киік туралы әңгіме

Ча мен Та – ақ бөкендер үйіріндегі кішкентай киіктер, оларға: бір жағынан – көк жал бөрілер, екінші жағынан осы киіктердің жойылып кету қаупін тудыратын – браконьерлер тұр.

Мультфильм қазақ даласының бірегей жануары – киіктерді сақтап қалу тақырыбын көтереді және «SOS-ақбөкен» халықаралық экологиялық бағдарламасының бөлігі болып табылады. Мультфильм адамдарда табиғат деген жанашырлықты және мейірімділікті оятуға шақырады. Мухсут Жаримбетовтің «Киік туралы әңгіме – 2» мультфильмінің жалғасы Ханты-Мансийскідегі «Құтқару және сақтау» халықаралық экологиялық телевизиялық фестивальінде «Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама» номинациясындағы үздігі деп аталды.

Ал біздің ескі халықтық кейіпкеріміз Алдар Көсе ше?

Жақсы, бірақ қу Алдар көсе мен шық бермейтін, бірақ адамдардың қолындағы соңғысын алып қоятын Бай туралы ескі қазақ ертігісін білмейтін қазақ жоқ шығар. Күндердің бір күнінде Бай өзінің сараңдығы мен қарапайым адамдарды қапы қалдырғаны үшін қатты жапа шегіпті.

Алдар Көсе – ол қашанда кедейлерді қорғап жүретін, аты қазақ халық ертегілерінің шығармашылығымен аз да болса таныс әрбір адамға танымал қазақ халық ертегілеріндегі сүйікті кейіпкері.

Кеңестік қазақ мультфильмдері шығарылған сәттен бастап біраз жылдар өтсе де, мультфильмдерде мәңгі өнегелік әңгімелер айтылатындықтан, олардың мәні мен мазмұны өзгермейді. Мысалы, Алдар Көсе туралы мультфильмде: қулық пен парасаттылық тәкаппарлық пен күштен асып түседі.

Бұл мультфильмдерді тек дүкендерден ғана емес базарлар мен Интернеттегі киноресурстардан да табуға болады. Біз бен сізге, бірінші кезекте ата-аналарға балаларымызда бұл әлемнің кереметі туралы түсінік қалыптастыру байланысты болады.

Біздің міндетіміз – сыннан сүрінбеген рухани, керемет, мейірімді және парасатты мультфильмдердің мысалымен баламыздың тұлғасын қалыптастыру.